Евразиялық одақ

Қазақстан мен Беларусь президенттері кездесті

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенконың кездесуі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Сәуір , 18:32

Кездесу барысында екі елдің мемлекет басшылары өзара сауда-экономикалық қарым-қатынас болашағы мен қазіргі жағдайын талқылап, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының маңызын айтты.

«Өзара екіжақты ынтымақтастығымыздың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру мен өзге де салалардағы көрсеткіштерімізді арттыруға мүдделіміз.  Екі ел арасындағы достық пен сенімге негізделген қатынастың даму қарқынын айта кету керек», - дейді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы Александр Лукашенконы бүгін Беларусьте аталып өтіп жатқан Радуница күнімен құттықтады.

Өз кезегінде Беларусь президенті екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастың күн санап нығайып келе жатқанын айта келіп, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Елбасының идеясына қосылатындығын жеткізді.

 




Яндекс.Метрика