Евразиялық одақ

КО мен ЕЭО елдері интеграциялық үрдістер мүмкіндігін алып отыр – В.Тельнов

Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістік елдері интеграциялық процестер мүмкіндігін алып отыр. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Еуразиялық интеграция институтының Экономикалық зерттеу бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Сәуір , 18:17

«Кедендік одақ пен ЕЭО нарығы дамыған елдердің нарығына енуде өзінше баспалдақ болмақ. Осы арқылы біздің интеграциялық бірлестігіміздің эволюциялық даму моделі қалыптасады. Сонымен қатар біз Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін де арттырдық. Батыста Еуроодақ елдерінен бастап шығыста тынық мұхитына дейінгі нарыққа қол жеткіздік», - дейді В.Тельнов.

Н.Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ әлемдік экономикалық ірі ұйымдар мен одақтарға бәсекелес болуға әбден жарайтынын айтады.

В.Тельновтың айтуынша, сарапшылардың мәліметінше, қазіргі заманда экономикалық гравитацияның әлемдік орталығы Шығыс пен Азияда араласуда. Соның ішінде бұрынғы экономикалық бірлестік елдерінде де бұл қалыптасқан.

«Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың Еуропа одағы және Қытаймен әріптестігінен үлкен мүмкіндіктер көріп отыр. Бұл дегеніңіз Еуразиялық рухтың нақ өзі», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Н.Назарбаев Мәскеу  ММУ-де саясаткерлер мен студенттерге дәріс оқыды. Еуразиялық интеграция тақырыбын қозғаған Елбасы ЕЭО-тың пайдалы тұстары жайында кеңінен талқылады.

Бауыржан Мұқанов

 




Яндекс.Метрика