Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда жылына 300 мың автомобиль шығару жоспарланып отыр

Қазақстанда жылына 300 мың автомобиль шығару жоспарланып отыр, деп мәлімдеді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау.
Казахстан16 Сәуір , 00:00

Оның айтуынша, Қазақстандағы 4 млн машинаның орташа жасы  – 18 жыл.

«Бұл тым көп. Оның барлығын біз утилизацияға жіберуміз керек», – дейді А.Рау. Вице-министр атап көрсеткендей, бүгінде еліміздің ішкі нарығында сатылатын 100 мың жаңа автомобильдің 20 мыңы өз жерімізде құрастырылады. Алдағы уақытта министрлік бұл көрсеткішті 300 мыңға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Қазіргі кезде Қазақстанның автоөнеркәсібін дамыту бағдарламасы әзірленіп, құзіретті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілді.

«Отандық машина жасау саласын дамыту бағдарламасы осыдан үш жыл бұрын қабылданған болатын. Ол құжатта автомобиль құрастыру мәселесі кеңінен қарастырылған жоқ. Бүгінде Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша біз оның аясын кеңейтіп,   бағдарламаның жаңа нұсқасын құзіретті мемлекеттік органдардың қарауына жібердік. Онда көрсетілген ұсыныстардың барлығы тиісті деңгейде қаралады деген сенімдеміз», – деп атап көрсетті А.Рау. 




Яндекс.Метрика