Евразиялық одақ

Еуразиялық интеграцияның негізі ШОБ-ті дамыту болуы тиіс - Ж. Кұсманғалиева

Шағын және орта бизнесті дамыту Еуразиялық интеграцияның негізі болуы керек, деп Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева мәлім етті.
Астана қаласы29 Мамыр , 13:56

«Шағын және орта бизнесті дамыту Еуразиялық интеграцияның негізі болуы керек. Ал, осы мақсатта ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-сараптамалық инфрақұрылымдарды құру аса маңызды. Себебі, сарапшылардың еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мемлекеттірдің әлеуетін өлшеу, жаңа механизмдерді ойластыруда және оларды енгізуде ролі зор», - деді Жанаргүл Құсманғалиева.

Сонымен қатар, сала маманы ЕЭО аумағы еуразиялық жалпы континенталды интеграцияның үздігі болуы керек, деп баса айтты.

Оның айтуынша, Бұл Елбасы атап көрсеткен  басты бағыттардың екіншісі болып табылады.  Негізі бұл мақсатта еуразиялық ірі телекоммуникация желісін құру ұсынылды. Дәлірек айтатын болсақ, Минск-Мәскеу-Астана-Алматы бағыттары бойынша жедел теміржол магистралын салу,  қолданыстағы  автомобиль мен теміржол желілерін жетілдіру және т.б. болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграциямәселесіне қатысты дәріс оқыды.

Мөлдір Асқар




Яндекс.Метрика