Евразиялық одақ

В.Тельнов: Қазақстан еуразиялық интеграция іргетасын қалады (ВИДЕО)

Бүгінгі таңда Қазақстан Кеденік одақ пен ЕЭО түріндегі еуразиялық интеграцияның іргетасын қалады. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Еуразиялық интеграция институтының Экономикалық зерттеу бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов мәлімдеді.
Астана қаласы 28 Мамыр, 14:12

«Бүгінгі таңда еуразиялық интеграция түрінде сипат алып жатқан бастама жаңа тарихи процеске айналды. Біз қазір адамзаттың жаңа тағы бір ірі ынтымақтастығы Еуразиялық интеграцияның бірер мүшесіне айналып отырмыз. Еуразиялық мәдениет ықпалдастығымен адамзат баласы бүгінде жаңа серпін алып отыр», - дейді В.Тельнов.

Оның айтуынша, Н.Назарбаев Л.Н.Гумилевтің этногенез теориясы мен бірегей тарихи тұжырымдамасына ерекше ықыласпен құрмет көрсетеді.

«Еуразиялық ұғымында философиялық-саяси дүниетаным ретінде шығыс пен батыс, Еуропа мен Азия арасындағы синтездің маңызы қамтылған. Бұл адам болмысының жаңа бір қырын ашады», - дейді В.Тельнов.

Мемлекет басшысының пікірінше, Гумилев еңбектері еуразиялық халықтың бай тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеп, онымен мақтан тұтуға мүмкіндік береді.

«Гумилевтің жоғарыда аталған идеяларын бүгінгі таңа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қайта көтеріп, еуразиялық интеграцияның артықшылықтарын айтып қана қоймай, оны іске асыруда. Осы тұрғыда біз  КО пен ЕЭО аясында еуразиялық ықпалдастықтың іргетасын қаладық», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Н.Назарбаев Мәскеудегі аталған оқу орнында саясаткерлер мен студенттерге дәріс оқыды. Еуразиялық интеграция тақырыбын қозғаған Елбасы ЕЭО-тың пайдалы тұстары жайында кеңінен талқылады.

Бауыржан Мұқанов





Яндекс.Метрика