Евразиялық одақ

Н.Назарбаевтың баяндамасы - ЕАЭО-ны жүзеге асыру мен дамытудың жол картасы - Ж.Құсманғалиева

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың МГУ қабырғасында оқыған баяндамасы Еуразиялық экономикалық одақты жүзеге асыру және дамытудың жол картасы болды, деп Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева ағынан жарылды.
Астана қаласы29 Мамыр , 13:01

«Кеше Елбасы Н.Назарбаев МГУ қабырғасында Еуразиялық интеграция мәселесіне байланысты баяндамасын оқыды. Айта кетерлік жайт, алғаш рет осыдан 20 жыл бұрын Еуразиялық экономикалық одақ туралы жобаны Мемлекет басшысы дәл осы жерде таныстырған еді. Бұл тарихи маңызды оқиға», - деді сөз басында  Жанаргүл Құсманғалиева.

Сонымен қатар, Жанаргүл Құсманғалиева  Елбасының баяндамада атап өткен негізгі бес бағытын атап өтті.

«Елбасының баяндамасын сараптай келе  дамыту керек негізгі 5 бағытты атап өтуге болады. Олар ұлттық экономикада және еуразиялық интеграциялық кеңістік аясында   инновациялық техникалық  серпілістің болуы үшін жағдай жасауға негізделген»,- деді Жанаргүл  Құсманғалиева.

Оның айтуынша, Елбасы Н.Назарбаевтың  МГУ қабырғасында оқыған баяндамасы Еуразиялық экономикалық одақты жүзеге асыру және дамытудың жол картасы болды. Онда нақты қандай шараларды бірлесіп жүзеге асыру керектігі мен оның пайдасы жан жақты көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Еуразиялық интеграция  туралы дәріс оқыды.

Мөлдір Асқар




Дерекнама

Яндекс.Метрика