Үкімет

Өңірлік даму министрлігі сарапшылық қызмет туралы заң жобасын таныстырды

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин «ҚР сарапшылық қызмет бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу» жобасын таныстырды.
Астана қаласы29 Сәуір , 16:36

Аталмыш заң жобасы Қазақстан Республикасында құрылыс жобаларын құрастыру жұмысында сарапшылық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған, деп ведомствода хабарлады.

Тұжырымдама аттестациялық сарапшылардың жауапкершілігін арттыруды қарастырады. Сондай-ақ, сарапшылық ұйымдардың сарапшылық сапасын арттыру да назарға алынды. Оған қоса, монополиялық саладан бәсекеге қабілетті ортаға көшу үрдістері де кіреді.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда құжаттың 80 пайызы «Мемсараптамада» қарауда жатыр. Ол мемлекеттік монополия субъекті болып есептеледі. Қалған 20 пайызы сараптамалық қызмет нарығының субъектісі болып қалады. Бұл орайда бәсекелестік қарқынын арттыру көзделген.

Бірінші кезекте, 2015 жылы сарапшылық қызмет түрі нарық субъектісінде 20 пайыздан 50 пайызға жететін болады. Екінші  айналым 2020 жылға дейін оны 90 пайызға жеткізу. 




Яндекс.Метрика