Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазпошта 2014 жылы көліктік қаржы мониторинг жүйесін енгізеді – М. Жарылқағанов (ФОТО)

«Қазпошта» АҚ 2014 жылдың соңына дейін көліктік мониторинг жүйесін енгізеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Жарылқағанов мәлімдеді.
Астана қаласы 29 Сәуір, 16:27

«Жарты жыл ішінде «Қазпошта» көліктік мониторинг жүйесін енгізеді(GPS/Глонасс). Біз қазір конкурс жариялаймыз, оның қорытындысы  бір айдан кейін шығады. Қатысушылардың саны жеткілікті болған жағдайда тағы да конкурс жариялап оны жарты айға созамыз, ал жүзеге асыру үшін 3 ай уақыт беріледі. 4-6 ай аралығында біз көліктік мониторинг жүйесін жариялаймыз», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазпошта «Қорғас»  пошталық-логистикалық терминалдың құрылысын жоспарлап отыр.

«Қазір жобалау жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала эскизді жұмыстың үлгісін алдық. Қазір жергілікті шешуші органдармен келіссөздер жүргізілуде.

«Стратегиялық бастамалар аясында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында пошта-логистикалық терминалының 2015 жылы құрылысын бастау жоспарланған. Жобаны iске қосу халықаралық мемлекетаралық пошта алмасуын едәуiр жеделдетпек. Бiз сонымен қатар бизнеске қосымша қызмет түрлерiн көрсетiп қоймай Орта Азия, Ресей мен Еуропа елдерiне транзиттiк қызметтердi ұсынамыз», - деп атап өттi ол.

«Қазпошта» АҚ тұтынушыларының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін пошталық жіберілімдерді жүзеге асыратын автоматтық терминалдар жүйесін құруды жоспарлауда. 





Яндекс.Метрика