Инфрақұрылымның дамуы

А.Бейсенбаев: 2014 жылы алғашқы 18 «постамат» орнатылады (ВИДЕО)

2014 жылдың екінші жартысында «Қазпошта» жаңа жоба – постаматтарды іске қосады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Асхат Бейсенбаев мәлімдеді.
Астана қаласы 29 Сәуір, 15:37

«2014 жылдың екінші жартысында «Қазпошта» жаңа жоба – постаматтарды іске қосады. Бұл банкоматтардың тікелей баламасы болып табылады. Қолма-қол ақшамен қатар сіздер тәулігіне 24 сағат бойы сәлемдеме де ала аласызар», - дейді А.Бейсенбаев.

Оның айтуынша, алғашқы 18 постамат Астана, Алматы мен Қарағанды қалаларында қанатқақты жоба іске қосылмақ.

Айта кету керек, «Қазпошта» АҚ өзіндік таза табысы 2013 жылы 30,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғана 14 %-ға артық. Жедел және курьерлік қызметтерді қосқандағы компанияның баспасөз таратудағы пошталық табысы 12 млр теңгені құрады. Ал агенттік қызметтерді қосқандағы қаржылық қызметтер бойынша табыс көлемі 11, 4 млрд теңге. 

«Ұлттық пошта операторының командасы жоғары нәтижеге жету жолында қолынган келнгенінен аянбақ емес. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмасы орындалып жатыр. Жалпылай қолдайтын болсақ, менің ойымша, Қазпошта барлық міндетін мінсіз атқарып шықпақ», - дейді басқарма төрағасы. 





Яндекс.Метрика