Білім беру

Жамбылдық 175 мың оқушыға жазғы демалыс бағдарламасы дайындалды

Жазғы демалыспен Жамбыл облысында 174 804 оқушы қамтылады.
Жамбыл29 Сәуір , 15:08

Сауықтыру шараларымен жазғы демалыста 84 пайыз оқушыны қамту қарастырылуда, ол 147 мың оқушыға тең, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Қалған 16 пайыз оқушы мектеп жанындағы алаңдар мен аула клубтарында жазғы демалыстық қызметте болады.

Айта кетерлігі, 2013 жылы сауықтандыру лагерьлер жүйесінің көлемі ұлғайды.  320 орындық «Қазфосфат» ЖШС лагері Тараз қаласына берілді.

Жазғы уақытта 9 қала сыртындағы сауықтыру лагері арқылы 7,7 мың оқушыны қамту жоспарлануда.

Сондай-ақ, 100 орындық лагерде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, ол Тараз қаласының білім беру департаментіне берілген болатын.

Жалпы, 2014 жылы жергілікті бюджеттен 289 млн теңге бөлінеді, өткен жылы 195 млн теңге бөлінген болатын. 




Яндекс.Метрика