Үкімет

Үкімет ШОБ-ті дамытудың кешенді жоспарын мақұлдады

Бүгін Қазақстан Үкіметі шағын және орта бизнесті дамытудың кешені жоспарын мақұлдады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде өңірлік даму министрі Болат Жәмішев.
Астана қаласы29 Сәуір , 14:02

«Бүгін Қазақстан Үкіметі Болон Хартиясында қамтылған Экономикалық ықпалдастық және даму ұйымының ұсыныстары негізінде шағын және орта бизнесті дамытудың кешені жоспарын мақұлдады», - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, министрлік тарапынан кәсіпкерлікті дамытудың алғашқы кезектегі шараларына қаражат бөлінген.

«Шағын және орта бизнестi дамыту бойынша шаралардың тиiмдiлiгi мен оларды үйлестiруге келетiн болсақ, үкiмет «Бизнестi жүргiзу» рейтингiсінде алғашқы 30 мемлекет қатарына ену бойынша шаралар кешенiн әзiрлеудi жоспарлау отыр. Жыл соңына дейiн салық және кеден даулары бойынша соттан тыс, сотқа дейiнгi төрелiктi құруға қажеттi шарт ретiндегi Салық және Кеден кодесiне түсініктемелер әзiрленеді», - дейді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң табиғи монополистер қызметтерiне қолжетiмдiлiк механизмдерi әзiрленедi. Салық, кеден және өзге де даулар бойынша апелляция комиссиясы құрылды, аралық сот институты күшейтiлдi.

«Сондай-ақ, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы сайты арқылы Кеден одағы елдерiнiң заңнамасына бiр жерден қол жеткiзу мүмкiндiгi туады. Сонымен қатар, одақ аясында сайтта халықаралық келiсiмдер жобалары да көрсетiлген. Бизнес үшiн КО елдерiнде күшіне енген құқықтық актiлердiң толық кешенiн бiлу маңызды болып табылады», - дедi Б.Жәмiшев.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика