Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Үкімет «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендірілетін компаниялар тізімін бекiтті (ВИДЕО)

Бүгін Қазақстан Республикасының Үкіметi «Самұрық-Қазына» қорының жекешеленуге жататын компаниялар тiзiмiн мақұлдады, деп ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингiнде «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры - Қордың басқарма мүшесі Нұрлан Рахметов мәлiм етті.
Астана қаласы 29 Сәуір, 13:42

«Қазақстан Республикасының Үкіметi бүгiнгi отырысында «Самұрық-Қазына» тобының жекешеленуге жататын, Жекешелендiру бағдарламасы аясында бәсекелестiк ортаға шығарылатын компаниялар тiзiмiн бекiттi.  Қордың құрылымына кiретiн 599 компанияның 122-сi бәсекелестiк ортаға жiберiледi. Бiрақ оның 16 компаниясы бейiндi емес активтер. Ал 106 компания бейiндi активтерге жатады», - деді Н.Рахметов.

Сонымен қатар, оның мәліметі бойынша, 50 компания екiншi деңгейлi банктермен бiрге сатылады. Айта кетейiк, банктер де бiздiң құрылымнан шығарылуда. Қордағы 48 компания жабылса, 20 компания қайта құрылады. Ал 5 компания мемлекеттiк органдарға берiледi.

«Жалпы алғанда 223 компания, яки 37% қысқарады. Үкiмет бекiткен тiзiмдегi 106 бейiндi компанияның 64 активi 2014 жылы сатылады, ал 22-сi 2015 жылы сатылымға шығарылмақ. 8 компания 2016 жылы сатылса, ал қалған компаниялар 2018-2020 жылдары нарыққа шығарылады», - деп Н.Рахметов хабарлады. 

Осы ретте, IPO мен SPO (екінші рет  бағалы қағаздарды шығару) шеңберінде  2014 жылы «KEGOC» АҚ 10% минус 1 акциясын және  «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ  24% минус 1 акциясын, ал 2015 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ  20-25% акциясын,  2016 жылы «Қазақстан  темір жолы» АҚ мен «ҚазАтомПром» АҚ  10% минус 1 акциясын саудаға шығару жоспарланған.

«Сондай-ақ активтердi жекешелендіру iсi ашық жүргiзiледi және активтердiң жеке секторға сатылғаны туралы ақпараттар толық әрi жүйелi түрде жариялап тұрады», - деп Н.Рахметов  өз ойын түйді.





Яндекс.Метрика