Инвестициялар

ЭБЖМ «Инвестиция туралы» Заңға өзгертулер енгізеді

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Инвестиция туралы» Заңның инвестициялық келісімшарттар бөліміне өзгертулер енгізеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді.
Астана қаласы29 Сәуір , 13:09

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отыра инвесторларға арналған жаңа пакетті енгізу үшін Үкімет бірқатар шараларды ұсынып отыр. Біріншілік шаралар ретінде ҚР «Инвестиция туралы» Заңының  инвесторлармен келісім шарт орнату саласы қайта қаралмақ. Мемлекеттік қызметтің қосымша шараларын енгізу ұсынылуда, ол мемлекет компенсациясын 30 пайызға арттыруды қажет етеді.», - деді Е. Досаев.

Оған қоса, заңнаманың тұрақтылығын 10 жылға дейін арттыру қарастырылған. Ол салықтық, миграциялық және экологиялық тарифтерді ұзақмерзімді ету.

Сонымен қатар, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі инвестициялық ахуалды жетiлдiру үшiн қосымша шаралар ұсынылғандығын атап өтті. Соның ішінде «бір терезе» ұстанымы да қарастырылған.

Досаевтың айтуынша, шетелдік жұмыс күшін рұқсатсыз тарту мен жеңілдіксіз нысанның пайдалануға берілгенінен бір жылдан кейін және инвестициялық жобаны іске асырудың барлық кезеңіне шетелдік жұмыс күшін тартуда инвесторларға рұқсат беру күтілуде.   

«Сонымен қатар, инвестициялық климатты жақсарту үшін қосымша шараларды енгізу қарастырылған. Қосымша шаралар ретінде ең дамыған елдердiң азаматтарына тұру мерзiмi 90 күнге дейiн визасыз режимдi бiржақты тәртiпте орнату; шетелдiк компаниялардың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларына инвесторлық визаларды ұсыну; шетелдiктерге тауарлы ауыл шаруашылық өндiрiстi жүргiзу үшiн инвестиция салғанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi жалға беру мерзiмдерiн ұлғайту», - деді ведомство басшысы.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика