Кедендік одақ

КО аясында 4500-ге жуық компания Қазақстанға тікелей шетелдік инвестиция тартты - Қ.Өскенбаев

КО аясында Қазақстанда 4500-ге жуық компания тікелей шетелдік инвестиция тартты. Бұл туралы ҚР Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбев «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген сұхбатында ағынан жарылды.
Астана қаласы29 Сәуір , 13:04

«Қазақстанда интеграция шеңберінде бизнеске жан-жақты жағдай жасалуда. Атап айтатын болсақ, біз өзіміздің заңнамаларымызды жетілдіріп, бизнеске қолдау көрсетуге барынша жағдай жасаудамыз. Оның үстіне біздің мемелекетіміздің географиялық орналасуда өте тиімді. Бүгінде біз Еуразиялық одақты құруға ұмтылудамыз. Осы ретте Қазақстан интеграция шеңберінде кәсіпорын ашамын, бизнесімді одан ары дамытамын деушілерге таптырмас олжа», - деді сөз басында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбев.

Вице министрдің айтуынша, Кедендік Одақ аясында Қазақстанға 4500-ге жуық компания тікелей шетелдік инвестиция тартты. Жалпы, Кеден одағы елдерінің нарығының көлемі 2 трлн. АҚШ долл. құраса, оның 168 млн. теңгесі адами ресурстарды, 600 млрд. долл. жалпы өндірістік әлеуетті  қамтиды.

«Кеден одағы қазақстандық тауар өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтті. 2011 жылы біздің экспорт Ресейге 60%-ға, Беларусияға 2,3 есе өсті. Айта кетерлік жайт, Бірыңғай кеден аумағының ішінде шетел валютасының алмасуына шектеулер алынып тасталды. Демек, шетелге қарап тамсана бергенше, отандық кәсіпкерлер елімізде жасалып жатқан жағдайды тиімді пайдаланып, кәсібінің тасын одан ары дөңгелетуге ұмтылуы керек», - деп ҚР Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбев өз ойын түйді.  

Мөлдір Асқар




Яндекс.Метрика