Инвестициялар

Үкіметте инвестиция тарту кешендік жоспарының жобасы таныстырылды – Ә. Исекешев (ВИДЕО)

Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі отандық және шетелдік инвестицияларды ел экономикасына тартудың кешенді жоспарының жобасын таныстырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.
Астана қаласы 29 Сәуір, 12:49

«Отандық және шетелдік инвестицияларды ел экономикасына тартудың кешенді жоспарының жобасы бүгін Қазақстан Үкіметінде таныстырылды. Ол екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, жаңа мақсаттар, ол барлық кедергілерді жоюға бағытталған: визалық сұрақтар, инвесторларға әсер ететін өзге сұрақтар. Сондай-ақ, Қазақстан компанияларына тартатын жаңа міндеттер», - деді Ә. Исекешев.

Ведомство басшысы сондай-ақ, жобаның екінші бөлігі инвесторларды тартатын нақты жоспар екендігін айтты.

«Бұл жерде экономиканың басым бөліктері көрсетілген, трансұлттық корпорациялар мен отандық құзіретті органдар, ұлттық компаниялардың тізімі шықты. Жалпы, ол ағымдағы жылы жұмысқа  жақсы қорытынды беруге тиіс», - деді ол.

Ведомствода хабарлағандай, ҮИИД МБ жүзеге асу жылында тікелей инвестициялардың тартылуын көрсетті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібіне 70 пайыз үлесті құрады.

ИЖТМ басшысының айтуынша, Қазақстан тікелей инвестицияларды тарту бойынша 19 орынды алып отыр. 2005 жылдан бастап 184 млрд АҚШ долларды құрайтын шетелдік инвестиция тартылды. 





Яндекс.Метрика