Ұлтаралық бірлік

Маңғыстау облысының ҚХА өкілдеріне мемнаградалар табысталды

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени ұйымдардың өкілдеріне мемлекеттік наградаларды ұсынды.
Маңғыстау29 Сәуір , 12:16

Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлау аясында Тәуелсіздікті нығайту, ұлттық бірлікті, этномәдени диалогты сақтауға үлес қосқаны үшін  «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» мемлекеттік наградалары Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне табысталды. Атап айтсақ, «Шалом» еврей этномәдени ұйымының төрағасы Юрий Кержбаум, «Видергебурт» неміс этномәдени ұйымының төрағасы Сергей Мартын құрметке ие болды.

Сондай-ақ, құрмет қағаздары мен алғыс хаттар да ұсынылды.

«Бұл наградалар біздің еңбегіміздің жоғары көрсеткіші. Бұл құрмет ағымдағы жылы біздің атқарылатын еңбегіміздің бастамасы екенін айтқым келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА мүшелерінің алдына күрделі  тапсырма қойды, ол жасалып жатқан жұмысты одан әрі жалғастыру», - деді , «Видергебурт» неміс этномәдени ұйымының төрағасы Сергей Мартын.

Шара барысында А. Айдарбаев облыста Достық үйі құрылысының сұрағы шешілгендігін айтты.

«Достық үйінің жобасы дайын, енді  құрылысқа кірісу керек», - деді аймақ басшысы.




Яндекс.Метрика