Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ә. Байменов: 2015 жылдан бастап Қазақстанда тестілеудегі заңдар саны қысқартылады (ВИДЕО)

2015 жылдан бастап Қазақстанда тестілеудегі заңдар саны қысқартылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы Әлихан Байменов мәлiмдедi.
Астана қаласы 29 Сәуір, 11:46

«Агенттiк «Hill International» халықаралық компаниясымен бiрлесiп, тұлғалық және басқарушылық құзыреттерi мен логикалық ойлау бойынша тестiлер әзiрледi. Қазiргi уақытта олар «А» корпусының кадр резервiне iрiктеу кезiнде сынақтан өткiзiлуде. Бұл тестiлеудiң нәтижелерi кандидаттары – стратегиялық, талдау, әкiмшiлiк-шаруашылық және қаржылық-ревизиялық төрт көрсеткiштерi бойынша бағалауға мүмкiндiк бередi», - дедi Ә.Байменов.

Агенттік басшысы атап өткендей, бұл тесттердің қорытындылары кандидаттарды 4 көрсеткіш бойынша бағалайды. Олар: стратегиялық, сараптамалық, әкімшілік- шаруашылықтық, қаржылық.

«2015 жылдан бастап мемлекеттiк қызметшiлердiң заңнаманы бiлуiн тестiлеудегi заңдар санын кезең-кезеңмен қысқарта отырып, аталған тестердi «А» корпусына iрiктеудiң басты құралы ретiнде айқындауға мүмкiндiк  береді», - деді Ә. Байменов.

Айта кетейiк, iрiктеудiң осындай тәсiлi «Б» корпусы үшiн де қолдану көзделуде. Құзыреттер бойынша тест қолдану арқылы «Б» корпусына кандидаттардың логикалық ойлау, талдаудың негiздерiн бiлуi және қажеттi бiлiм деңгейi бағаланатын болады.

Жалпы, «А» корпусының кадрлық резервінде 400 адам бар, олардың ішінде жетекшілік лауазымға 79 адам үміткер бола алады, ал аудан, қала әкімі, комитет өкілдеріне 296 адам үміткер болады.





Яндекс.Метрика