Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Үндістан екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуде

Астана қаласында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Үндістанның үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысы өтті.
Астана қаласы29 Сәуір , 10:22

Қазақстан тарапың Мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, Үнді тарапын Мұнай және газ министрінің бірінші орынбасары Саурабх Чандра басқарды, деп СІМ-де хабарлады.

Отырыс барысында тараптар 2013 ж. Нью-Делиде өткен комиссияның 10-шы кездесуі барысында қабылданған шешімдердің жүзеге асуы бойынша ақпарат алмасты және Елбасының 2009 ж. қаңтардағы Үндістанға мемлекеттік сапары барысында қабылданған Стратегиялық серіктестік туралы декларацияның шеңберіндегі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Қазіргі екіжақты сауданың көлемі бар птенциалға сай еместігіне қарамастан, Үндістанның Орталық Азия мемлекеттерімен тауар айналымының жартысынан көбі Қазақстанның үлесіне тиетіндігін атап өтті. Екіжақты тауар айналымы 2005 ж. 120 млн. АҚШ долларынан 20112 ж. жарты миллиардқа жетті. 2013 ж. бұл көрсеткіш 676,9 млн. құрады.

Ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде үнді тарапына Каспий теңізінің қазақстандық секторында «Абай» мұнай блогы ұсынылды. Тараптар осы ұсынысты қарастыру бойынша келісімге жетті. Бұдан бөлек, тараптар Қазақстан территориясында көмірсутегі шикізаттарын барлау мен өндірудегі ынтымақтастықты дамытуға келісті.

Үнді тарапының Каспий теңізінің солтүстігіндегі мұнай және газ кенорындарын дамытудағы Еуразия жобасына қызығушылық білдіруде. Атап айтқанда, ONGC Videsh Limited (OVL) компаниясы қатысуға дайындығын білдіруде. Қазіргі кезде OVL «ҚазМұнайГаз» - бен тығыз ынтымақтастықта Сатпаев блогында бұрғылау жұмыстарын басмауда.

Үнді тарапының Шымкенттен Үндістан шекарасына дейін газ құбырын өткізу мүмкіндігін пысықтау бойынша біріккен жұмыс тобын құру жөніндегі ұсынысы Қазақстанда жағымды қолдау табуда.Сондай-ақ үнді мамандары жаңартылатын энергия көздері және атом энергетикасын бейбіт мақсаттарда пайдалану салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды.

Мемлекеттер арасындағы турситік ағымдарды ұлғайту мен ғылым және технология салаларындағы ынтымақтастықты дамыту өзара ниеттерге сай келеді.


 

 




Яндекс.Метрика