Өңірлер

АДБ Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі - ЭБЖМ

Қазақстан Үкіметі шағын және орта бизнесті қолдау үшін АДБ-нен екінші транш аясында мемлекеттік кепілдік беруді мақұлдады.22,5 миллиард теңге көлемінде қарыз ағымдағы жылы алынады. Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде хабарлады.
Астана қаласы29 Сәуір , 09:55

Бұл Қазақстанның АДБ-нен алып отырған, тікелей кәсіпкерлікті қолдауға бағыттағлан алғашқы қарызы емес. Біздің мемлекет пен аталған халықаралық қаржылық институт  арасында шағын және орта бизнесті қолдаңға арналған бағдарлама бар. Оның аясында 2011 жылдың өзінде 22,2 миллиард теңгені құрайтын алғашқы транш іске тартылған болатын.

Аталған бағдарламаның операторы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры. АДБ-нің шешімімен қатысатын-банктер тізімі анықталды. Олар:  «ЦентрКредит Банк» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ және «Альянс Банк» АҚ.

Бірінші траншты игеру нәтижесі көңіл көншітерліктей. Ақпаратқа сүйенсек, Бағдарламаға қатысушы-банктерге 2013-жылы қыркүйекте 32 334,97 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, 1632 жұмыс орны ашылған.

Екінші транштың шарттарына келсек,  қаржы «Даму» қоры арқылы тікелей шағын және орта бизнес субьектілеріне қарыз берумен айналыстын екінші деңгейлі банктерге орналастырылады.    Сол арқылы ел экономикасының негізі-жеке кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған  маңызды мемлекеттік міндетті оңтайлы  жүзеге асыруға болады.




Яндекс.Метрика