Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

ОҚО-да халықаралық дәрежедегі тау шаңғы курорты ашылады

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қасқасу» халықаралық дәрежедегі тау шаңғы курортын ашу жоспарлануда.
Оңтүстік Қазақстан 29 Сәуір, 09:41

Оңтүстік Қазақстан облысы Толе би ауданының Қасқасу елді-мекенінде, яғни Шымкент қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан, инфрақұрылымды дамытатын бұқаралық спортты жетілдіру мақсатында тау шаңғы курортын ашу жоспарланған, деп ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі индустрия және туризм комитетінде хабарлады.

2014 жылы «Бизнестің жол картасы» аясында республикалық бюджеттен «Қасқасу» жобасының инженерлік-коммуналдық құрылысына 200 млн қаржы бөлінді.  Инфрақұрылымның құрылысына 2,8 млрд теңге жұмсау қарастырылған. 

ҚР ИЖТМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиевтің айтуынша, бас  жоспардың аясында 23 шақырымдық 19 аспалы  жолдың құрылысы жоспарланып отыр. Оның өткізу мүмкіндігі сағатына 8,5 мың адамды құрайды. Сонымен қатар, жобаның іске асырылуы 800 жаңа жұмыс орнын құруға жол ашады.

 «Ecosign» компаниясының мәліметінше, тау-шаңғы курортында 34 трасса ашылады. Әрқайсысының ұзындығы 34,3 км-ге жетпек. Трассаның өткізу мүмкіндігі күніне 11,7 мың шаңғышыны құрайды. Жоспар бойынша, қазақстандық тұрақты қонақтармен қатар курортқа Ресей мен БАӘ туристерді де келіп демалмақ. 

 

 





Яндекс.Метрика