Евразиялық одақ

Біз ЕАЭО-ны басқа елге үлгі еткіміз келеді – Н. Назарбаев

Біз Еуразиялық экономикалық одақты тұрақталған деп есептейміз және оны өзге елге үлгі еткіміз келеді. Бұл туралы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған дәрісі барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 18:13

«Қазір кез-келген қателік пен немқұрайлылық интеграциялық процесті қолдаудан айырып, құрдымға жіберуі мүмкін. Ал, біз оны басқа мемлекеттерге үлгі етпекпіз.  Яғни, мінеки ол  Экономикалық одақ, ол барлық қатысушы мемлекетке бірдей тиімді деп көрсетпекшіміз. Тек, сонда ғана біз өзіміздің Экономикалық одағымыз  қалыптасты  деп есептей аламыз», - деді  Н. Назарбаев.

Президент атап өткендей,  «Экономикалық одақты құруда Қазақстан жүргізіп жатқан келіссөздерде талқылаудың  дәл осындай негізі салынған».

«Біздің серіктестеріміз ұсыныстарымызға түсіністікпен қарады деп ризалықпен айта аламын», - деп Мемлекет басшысы ағынан жарылды.

 




Яндекс.Метрика