Евразиялық одақ

Н. Назарбаев: ЕАЭО жаһандық инновацияның орталығына айналуы тиіс

Бүгінгі таңда ЕЭО жаһандық инновацияның орталығына айналуы тиіс . Бүгін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 17:32

«Кем дегенде алдағы 15-20 жылдық жұмыстарымызды анықтап алуымыз керек. Барінен бұрын ЕАЭК-тің 21 ғасырдағы басты миссиясының   екі бағытта өрбитінін білуіміз керек. Ол, біріншіден, әлемдегі ең ірі макроэкономикалық микроөңір ретінде қалыптасу. Сарапшылардың есебінше, ағымдағы жүзжылдықта әлемдік орталық біздің болашақ одақтың жеріне қарай ыңғайлануда. Өздеріңіз де қараңыздар, біз екі ірі әлемдік өндірушілердің арасынан қоныс тепкенбіз. Ол еуроодақ пен Азия-Тынық мұхиты өңірлері. Бұл өз кезегінде шығыс пен батыс арасындағы экономикалық өткел ретіне нақты артықшылықтар ұсынады», - дейді Н.Назарбаев.

Оның айтуынша, осы ықпалдастыққа қатысу үшін көптеген елдер қызығушылық танытып отыр. 

ЕЭО туралы идея қоғамның, оның ішінде ғылыми қауымдастықтың кең қолдауына ие болып, практикалық әрекеттердің нақты белгіленген бағдарламасына айналды. Еуразиялық экономикалық одақ - ТМД мемлекеттерінің басым бөлігі қатысатын еркін сауда аймағы. Кеден одағы, БЭК Қазақстан, Ресей мен Белорусь елдерінің, яғни біздің бірлескен жұмысымыздың жүйелі жемісі. 21 ғасырда біз қысқа тарихи мерзімнің феномені куәгерлеріне айналып отырмыз. Бұл – ғаламдық әлем тап болып отырған бүгінгі күннің қауіп-қатері», - деді Мемлекет басшысы. 
 




Яндекс.Метрика