Евразиялық одақ

Еуразиялық идея саяси, экономикалық және геосаяси көрініске ие болуда – Н. Назарбаев

Бүгінгі таңда Еуразиялық идея саяси, экономикалық және геосаяси көрініске ие болуда. Бұл туралы М. Ломоносов атындағы ММУ-де дәріс кезінде Мемлекет басшысы мәлімдеді.
Әлемде28 Сәуір , 17:46

«Еуразиялық идея 21 ғасырдың екінші он жылдығының ортасында шынайы саяси, экономикалық және геосаяси келбетке ие болды. Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес, ЕЭК табысты жұмыс істеуде. Қазақстан, Ресей, Беларусия бірыңғай Кедендік кодексті қабылдауда. Осылайша өздерінің макроэкономикалық саясатын үйлестіруде. ЕАЭО құру туралы идеяның жиырма жылдығы қарсаңында аталмыш интеграциялық бірлестікті құру туралы тарихи құжатқа қол қою жоспарлануы аса мәнді», - деп Мемлекет басшысы ММ-де  сөз сөйледі.

Оның айтуынша, аталмыш интеграцияға қатысуға көптеген елдер қызығушылық танытуда.

"Бүгінде "Еуразиялық интеграция" ұғымы саясаткерлер, экономистер, журналистер жиі қолданатын брендке айналды. Екіншіден, ерекше атап өткім келеді, бүгінгі еуразиялық идея өзінің шынайылығынан еш жаңылған емес. Ең алдымен ол интеграциялық процеске қатысушы барлық мемлекеттерге тәуелсіздік пен саяси зайырлылықтың басты роль атқаратынын ескереді. Сонымен қатар, мұндағы ең алғашқы мақсат - Қазақстан, Ресей және Белорусь елдері тұрғындарының мүддесін қорғау болатын" - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. 

Жалпы, Елбасының айтуынша, үш елдің экономикасының таза көлемі 0,2 трлн долларды құрайды. Үш лдің өнерукәсіптік өнімдерінің жалпы көлемі 1,5 трлн долларды құрайды. Алдағы уақыттағы таза ЖІӨ өсімі түріндегі интеграциялық тиімділік 2030 жылға қарай 900 млрд долларды құрауы мүмкін

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасы Презиенті Нұрсұлтан Назарбаев М.Ломоносов атынағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция тақырыбында лекция оқыды. 




Яндекс.Метрика