Евразиялық одақ

Қазақстан бизнесі шетелге отандық өнімдерді шығаруы тиіс – Қ.Өскенбаев

Қазақстан бизнесі шетелге отандық өнімдерді шығаруы керек, дейді ҚР өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Нұр-Сұлтан 28 Сәуір, 16:57

«Ойлау жүйемізді өзгертуіміз керек. Облыс іші, ауданаралық сауданы былай қойып, енді Қазақстанда жасалған тауарлары шет елдерге де шығара бастауымыз керек», - дейді ол.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда КО елдеріне біздің агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорт көлемі 1 млрд долларға жеткен. Ал Қазақстан мен Ресей және Беларусь арасындағы тауар айналымы 24 млрд доллардан асты.

ӨДМ мәліметінше, Қазақстандағы кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау өзге елдерден инвестиция ағымын арттыратын бірден-бір факторға айналуда. 2012 жылы өңдеуші өнркәсіптегі шетелдік инвестиция көлемі 3,4 млрд долларға жетті, бұл көрсеткіштің 2009 жылы 1,8 млрд доллар болғаны анық.

Аталмыш оң үрдістер ЕуразЭК-тің жекелеген елдері мен жалпы өңірінің әлеуметтік бейнесін өзгертуге, қоғамның материалдық және моральдық құндылықтарын әлсіретуге мүмкінік бермейтінін айтады министрдің бірінші орынбасары.

Жалпы интеграциялық жұмыстар аясында Қазақстанда мемлекеттің кәсіпкерлікке қолдау көрсетуінің шаралары белсенді жалғасын табуда. 

 

 





Яндекс.Метрика