Евразиялық одақ

Н. Назарбаев: ЕЭК тең құқылы және әріптестік пайда негізінде құрылуы тиіс

Еуразиялық одақ өз еркімен, тең құқылы және екі жақты пайда негізінде құрылуы тиіс. Бұл туралы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өткен дәрісте Мемлекет басшысы Н. Назарбаев мәлімдеді.
Әлемде28 Сәуір , 18:07

«1994 жылы Кеңес одағы құлағаннан кейін  ММУ қабырғасында мен тұңғыш рет модельді идея  құру туралы ұсыныс жасаған болатынмын. Яғни, Еуразиялық экономикалық кеңестің  интеграциялық ұйым  құру бойынша  баяндадым. Оның тұжырымдамасы  біздің елдердің азаматтарына түсінікті   нұсқада айтылды», - деді Н. Назарбаев.

Н. Назарбаевтың айтуынша, оның идеясы заманында дұрыс бағаланбай және түсінілмегенімен, қазіргі таңда қоғамдық-гуманитарлық деңгей мен іскерлік ортада кеңінен сұранысқа ие болды.

Ол атап өткендей, ортақ тарих, экономикалық  тартылыс, мәдениетіміздің тығыз байланысы мен адами талпыныстардың жақындығы көпжақты мемлекетаралық байланысқа түсуге мүмкіндік берді. 

«Мен әлі күнге дейін Еуразиялық одақты жақтап келемін және біз  осы одақты құруға жақындадық.  Ол еріктілік, теңдік, өзара тиімділік пен әр қатысушы мемлекеттің саяси есебі принціпі негізінде құрылуы керек. Бұл бастама жаңа тарихи процестің бастауы болмақ. Бүгінде оны еуразиялық интеграция деп атайды», - деп мемлекет басшысы атап өтті.

«Бұрындары КСРО құрамында болған республикалар өз мемлекеттерін құрып, өздерінше жолға түсіп жатқанда шартарапқа бөлініп кетті. Нәтижесінде экономикалық жүйелері де түрлі сипатта дамыды. ТМД аморфтық  ұйымға айналды. Еуразиялық интеграцияға негізделген қазіргі таңда көптеген алаңдар мен ұйымар жұмыс істеуе. Бұның қатарында Еуразиялық даму банкі, Еуразияық оқымыстылар қауымдастығы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бар. Бұл ЖОО Астананың елорда атағын алуымен қатар құрылып, қазіргі таңда Азиядағы адыңғы қатарлы университеттердің қатарына еніп отыр», - деді Елбасы. 




Яндекс.Метрика