Инфрақұрылымды дамыту

11 жыл ішінде Қазақстанның автожол саласын дамытуға 1 трлн. теңгеден астам қаражат инвестицияланды – Н.Назарбаев

11 жыл ішінде Қазақстанның автожол саласын дамытуға 1 трлн. теңгеден астам қаражат инвестицияланды. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын таныстырған кезде мәлімдеді.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

«Қазақстанда көлік инфрақұрылымы қарқынды даму үстінде. Тек қана 11 жылдың ішінде автожол саласын дамыту үшін 1 трлн. 260 млн. теңге инвестицияланған. Осы жылдар ішінде 48 мың шақырым автожол мен 1100 шақырым теміржол қайта жөндеуден өтіп, қалпына келтірілді. Посткеңестік мемлекеттердің ішінде біз сияқты ешқайсысы мұндай сандарды мысалға келтіре алмайтыны анық», - деді Н.Назарбаев.

«Біз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» атты жаңа Жібек жолын жандандырудамыз, оның 2700 шақырымы біздің территориямызды баспы өтеді және оның құрылысын 2014 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы 




Яндекс.Метрика