Ұлтаралық бірлік

Астанада 1 мамыр күні «Қазақ Елі» алаңында этноауыл жайғасады

Астанада Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 40-тан астам мерекелік шаралар жоспарланған, деп бүгін ОКҚ өткен брифингте Астана қаласының мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов ағынан жарылды.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 15:50

«Мерейлі мерекені атап өту үшін барлығы 40 шара жоспарланған. Олар фестивальдар, Астананың шығармашылық ұжымдарының,  шетелдік және отандық эстрада жұлдыздарының  қатысуымен өтетін концерттер. Ал, салтанаттың орталығы  «Қазақ Елі» монументі болады. Оның алдында үш бірдей сахнада мерекелік концерт өтеді. Театрлық қойылым іспетті өтетін шарада құрақ көрпені жасау барысындағы қажырлы еңбек суреттеледі», - деді Б. Мажағұлов.

Сондай-ақ, ол Астананың  бас алаңында мереке күндері 100 мың адам жиналады. Оған қоса бағдарламаға 23 этномәдени ұйымның 400  өкілі қатысады.

«Осы жылы негізгі ерекшелік шараның өткізу пішінінде болады.Мереке аймағында шара ұйымдастырылып қана қоймай, этноауыл тұрғызылады. Шараға бизнес өкілдері қатысып, әлеуметтік акцияларға белсенді түрде қатысатын болады», - деп мәдениет басқармасының басшысы мәлімдеді.

 

 




Яндекс.Метрика