Ұлтаралық бірлік

Мәжілісте ҚХА-ның «Бірлік» медалі табысталды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚХА XXI сессиясында Елбасы Н.Назарбаев нақтылаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» мақсатын жүзеге асыру міндеті талқыланды.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 15:31

Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары Мұрат Ахмадиев, Егор Каппель,  Виктор Киянский, Ахмет Мұрадовтар бір топ депутат Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық бірлік» алтын медалімен марапатталды.

Тағы бірқатар депутаттар «Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесін тойлау және Ассамблеяның ХХІ сессиясы аясында тәуелсіздікті, ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге елеулі үлесі үшін  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық бірлік» алтын медалімен марапатталды.

Сонымен қатар, қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудың гуманистік мұраттарына қосқан белсенді еңбегі үшін Надежда Нестереваға, Зухра Саяповаға, Абай Тасболатовқа, Юрий Тимощенкоға Қазақстан халқы Ассамблеясының алғысы мен ризашылығы білдірілді. Басқосуда жақын арада аймақтарға шығып, сайлаушылармен жүздесу мәселесі де айтылды.




Яндекс.Метрика