EXPO-2017

Қазақстанда 2014 жылдың аяғында ЭКСПО-2017 көрме алаңы нөлдік кезеңінің құрылысы аяқталады

Қазақстанда 2014 жылдың желтоқсанында ЭКСПО-2017 көрме алаңының нөлдік кезеңі аяқталады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пирметов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 15:20

«Бас жоспардың алдын-ала архитектуралық-жоспарлау шешіміне сәйкес көрме территориясында көлемі  1 млн. шаршы метрден асатын ғимарат пен нысан салынады.  Оның ішінде көрме аймағы, көлемі 10-40 мың шаршы метр болатын ғимараттар мен нысандар,  «Қазақстан» орталық павильоны, халықаралық тематикалық  корпоративті павильондар, сонымен қатар, сауда, ойын-сауық орталықтары мен т.б. бар.  Бұдан басқа көрмеден тыс аймақтың құрылысын жүргізу жоспарланған, ол 148 га жерді алады», - деді А.Пірметов.

Оның мәліметі бойынша, шілде айында ұлттық орталық павильон «Қазақстанның», содан кейін халықаралық павильондардың құрылысы басталады. Сонымен қатар,  көлемі 80 мың шаршы метрден асатын қоймалар мен қызмет көрсету аймақтары және т.б. салынады. 

«Жалпы, биылғы жылдың желтоқсан айында 25 гектарлық көрме алаңының нөлдік циклін бітіруді жоспарлап отырмыз. Келер жылы аяқтауды жоспарлап отырған бұл жұмысымыз құрылыс-монтаж жұмыстарының шарықтау шегі 2015 жылға тиесілі. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын біз 2016 жылдың желтоқсанында аяқтамақшымыз.Сонымен қатар, ЭКСПО нысандарында энергоқолдану  және энергоөндіру туралы ақпарат жинайтын технология мен коммуникациялық және ақпараттық желілерді пайдаланатын жаңғыртылған энергоүнемдеу жүйесін енгізу жоспарлануда», - деді Ә. Пирметов.

 Оның айтуынша, компания көрме нысандары құрылысына кірісіп кеткен. Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, көрме құрылысына қазақстандық құрылыс материалдары мен технологиялары пайдаланылатын болады.




Яндекс.Метрика