Халықаралық интеграция

Р. Корнберг: АЭФ - әлем көшбасшыларын біріктіретін форум

2006 жылы химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Роджер Корнберг «Астана экономикалық форумы - әлемнің көптеген көшбасшыларының басын қосатын ерекше жиын» деп мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 15:03

«Астана экономикалық форумы - әлемнің көптеген көшбасшыларының басын қосатын ерекше жиын», - деді Р. Корнберг.

2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында VII Астана экономикалық форумы өткізіледі. Форумның жалпы тақырыбы теңдестірілген экономикалық өсімді қамтамасыз ету және жаһандық даму мәселелері төңірегінде болады. VII АЭФ әлемдік экономиканың өзекті мәселелерін талқылап, соған байланысты ұсыныстарды өңдеу жұмыстарын жалғастырады.  Әдеттегідей шараға ғалымдар, экономистер, қаржыгерлер, Нобель сыйлығының лауреаттары, кәсіпкерлер қатысады.

«Сіздердің Елбасыларыңызға өз ойымды білдіргім келеді. Нұрсұлтан Назарбаев -қуатты әрі өте еңбекқор Ұлы тұлға. Мені қатысушылар санының көптігіне ғана емес, сонымен қатар ғалымдардың қай аймаққа өз үлестерін қосқысы келетіндерін білетіндіктері таңқалдырады. Форум барысында көптеген әртүрлі тақырыптарда сессиялар ұсынылады. Өз басым экономист болмасам да, өз қызығушылығымның арқасында біршама пікірталас алаңдарына қатысқаным рас»,- деді өз пікірінде   химия бойынша 2006 жылғы Нобель сыйлығының Лауреаты Роджер Корнберг.




Яндекс.Метрика