Халықаралық интеграция

Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жетістіктердің жиынтығы ретінде қарастырамыз – Л. Заньер

Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жетістіктердің жиынтығы ретінде қарастырамыз. Бұл туралы бүгін ЕЫҚҰ бас хатшысы Ламберто Заньер ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесу барысында айтты.
Нұр-Сұлтан 28 Сәуір, 14:54

«Біз өзіміздің Қазақстандағы жұмысымызды жаңғыртуға ниеттіміз. Оған қоса, біз өз жұмысымызды осында жаңғыртқымыз келеді. Біз   «Қазақстан-2050» Стратегиясын жетістіктердің жиынтығы ретінде қарастырамыз. Сондай-ақ, Қазақстан мен ЕЫҚҰ бұл аймақта атқаратын рөлін анықтаймыз», - деді Л. Заньер.

Кездесу барысында алдағы уақытта ЕЫҚҰ алдындағы реформалардың маңыздылығын атап өтті.

«Астана саммиті қауіпсіздік мәселесінің маңызды бағыты болды және бүгінде қауіпсіздік мәселесі өңірлік мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы болып отыр. Біздің көршілес елдеріміздің бірі – Моңғолия. Ол да аталмыш ұйымға қосылып, Ауғанстан секілді өзге  де мемлекеттер осы жолда маңызды қадамарға барып жатыр», - дейді ол.

Өз кезегінде ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов Астаналық декларация шеңберіндегі  Еуразиялық декларация тұжырымдамасының маңыздылығын атап өтті.

«Сіз білесіздер біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті. Онда Астаналық декларация қабылданған. ЕҚЫҰ-ның алдында үлкен міндет тұр - ол  ұйымды келер жылы  жаңа белестерге көтеру. Сондықтан да ЕҚЫҰ алаңында талқылаулар белсенді жүріп жатыр. Менің ойымша осы ретте Астананың декларацияға енгізілген идеялар осы міндетті жүзеге асыруда көрініс табады», - деп  Е. Ыдырысов өз ойын қорытты.





Яндекс.Метрика