Өңірлер

Қазақстанның жолдарды жөндеу бірыңғай жобасы «Жол қозғалысы» туралы Заң құрамына енді (ВИДЕО)

Қазақстанның жолдарды жөндеу бірыңғай жобасы «Жол қозғалысы» туралы Заң құрамына енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ІІМ Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 28 Сәуір, 14:10

«Жол қозғалысы туралы» Заңға  Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың  13 сәуірінде қол қойған болатын. Бірінші,  инфрақұрылымның барлық сұрағына жауап беретін жол жөндеу бойынша бірыңғай жобаның болуы. Демек, кешендік бағыт қолданылады. Жүргізушілер тарапына тәртіп бұзған үшін жаза күшейтіледі, ол тәртіп бұзушылықтың барлық түріне қатысты, жүргізуші куәлігін алып қоюға дейінгі шаралар да бар», - деді Қ. Қасымов.

Сондай-ақ, ІІМ айтқандай, «Ішкі істер органдары туралы» заңында министр мен барлық департаменттің қызметі хабарланған. 

«Ішкі істер органдары туралы»  алдыңғы Заң әлі де болса шикі. Онда құзіреттер мен міндеттер араласып кеткен. Қазір де біздің міндеттеріміз бен қызметтеріміз нақты көрсетілді – қоғамдық тәртіпті қадағалау, алдын алу, қылмысқа қарсы күрес, қылмыстық-атқарушылық жүйе мен әкімшілік іздестіруді орындау. Бастысы Заңда азаматтардың құқығының қорғалуы мен әлеуметтік көрсетуді тыю бірінші кезекте қарастырылады. Заң арқылы қоғамдық кеңес құру да қарастырылған», - дейді ол.

Жалпы, ведомство басшысының айтуынша, биылғы жыл ІІО үшін полиция, қылмыстық-атқару жүйесі мен Ішкі әскер қызметінің ары қарай жетілдірілуі мен реформалау жолындағы жауапты және өтпелі кезеңі болып табылады.

Биыл өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалды және Қылмыстық-атқару кодексінің редакциясы жұмыстары аяқталады.





Яндекс.Метрика