Өңірлер

ІІМ 2020 жылға дейін Қазақстанның 35 қаласында жедел басқару орталығын ашады (ВИДЕО)

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2020 жылға дейін елдің 35 қаласына жедел басқару орталықтарын орнатады, деп Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 28 Сәуір, 12:59

«Бүгінде ІІМ басты міндеті – әрбір көмекке жүгінген азаматтың өтінішін қараусыз қалдырмау. Осы міндетті Елбасы бізден  қажет етеді. Сондықтан да, 3 жыл қатарынан біз қылмысты тіркеу саласын қатаң қадағалап отырмыз. Оған қоса, электронды өтініш тіркеу саласы да басты назарда. Өткен жылы 2 млн-ға жуық өтініш тіркелген болатын», - деді Қ. Қасымов.

Жалпы, ведомство басшысының мәліметі бойынша, соңғы үш жылда ауыр қылмыстардың саны 22%-ға, аса ауыр қылмыстар  14%-ға,  тонау 50%-ға, қарақшылық  25%-ға және т.б. төмендеді.

«Сыртта жүрген күштерімізді басқару және реттеу үшін бізде жедел басқару орталықтары құрылды. Олар барлық облыс орталықтарында бар. Олар ЖБО құрылысы бағдарламасы бойынша барлық ірі және кішігірім қалаларда өтті. 2020 жылға дейін мұндай орталықтарды еліміздің 35 қаласында қоюымыз керек. Биылғы жылы ЖБО Рудный, Щучинск, Семей, Хромтау қалаларында салынып бітеді», - деп ІІМ басшысы толықтырды.

 





Яндекс.Метрика