Халықаралық интеграция

Ә.Сэддик Әл Хури: «Әбу-Даби Плаза» – Қазақстан мен БАӘ арасындағы әріптестік символы

Бүгін Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» жобасындағы қазақстанық үлесті арттыруға арналған жиында «Алдар» директорлар кеңесінің төрағасы Әбубәкір Сэддик Әл Хури аталмыш жобаның екі ел арасындағы ынтымақтастықтың символы екенін айтты.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 11:21

«Таяуда ғана біз жергілікті қамтудың маңыздылығын талқыладық. Менің ойымша бұл істің Қазақстан секілді ел үшін алар орны орасан. Бұл жоба екі ел мен жобаның дер кезінде аяқталуына алаңдаушылық танытып, көмек қолын созып отыран екі ел басшысының арасындағы ынтымақтастықтың символы болып табылады. Біз бұл жобаны 2017 жылы емес, 2016 жылға дейін тәмамдауды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, бұны біздің мердігерлер де түсінуі керек. Қазақстан Республикасның Үкіметі бұл тұрғыда бізге қол ұшын беріп отыр», - дейді «Алдар» директорлар кеңесінің төрағасы Әбубәкір Сэддик  Әл Хури.

Оның айтуынша, жергілікті қамту жобаның басым бағыттарының бірі.

«Біз жергілікті қамту бойынша барлық заңның сақталуын қадағалайтын боламыз. Ол үшін біз жұмыскерлерді біліктілігін арттыратын тренингтер ұйымдастырамыз. Осы орайда мердігерлерге сенім мен бәсекеге қабілеттілік секілді ерекшеліктерге мән береміз», - дейді. 




Яндекс.Метрика