Инновациялар

Бүгін «KazSat-3» спутнигі сәтті ұшырылды – Қазғарыш

Бүгін Астана уақыты бойынша 10 сағат 25 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының № 81 алаңынан «Бриз-М» үдеткіш блогы мен «Луч-5В» және «KazSat-3» коммуникациялық ғарыш аппараттары бар «Протон-М» ғарыш мақсаттағы зымыраны сәтті ұшырылды.
Казахстан28 Сәуір , 11:09

«KazSat-3» спутнигін құру бойынша жобаны жүзеге асыруы «KazSat» спутниктік байланыстың қазақстандық жүйесін құрудың келесі кезеңі болып табылады, деп ҚР Ғарыш агенттігінде хабарлады.

 «KazSat-3» үшінші байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигі телевизиялық хабар тарату, тиянақталған байланыс, интернет және деректерді беру қазақстандық нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.

Спутник Қазғарыштың тапсырысы бойынша жетекші ресейлік ғарыш компаниясы «Академик М.Ф.Решетнёв атындағы ақпараттық спутниктік жүйелер» ААҚ-мен әзірленген.

Сонымен қатар, бүгін (Астана уақыты бойынша 2014 жылғы 29 сәуір күні, 7 сағ. 35 мин.) Француз Гвианадағы Куру ғарыш айлағынан «KazEOSat-1» Жерді қашықтықтан зондтаудың дәлдігі жоғары қазақстандық спутнигі орбитаға шығарылатын болады.

Қорыта келе, Қазақстан тарихында алғаш рет бір тәуліктің ішінде еліміздің бірден 2 ғарыштық аппараты (бірі - байланыс аппараты, екіншісі - Жерді қашықтықтан зондтау аппараты) ғарышқа ұшырылатын болады.

 




Яндекс.Метрика