Өңірлер

Астанада отандық құрылыс компанияларына «Әбу - Даби Плаза» жобасы таныстырылды (ФОТО)

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен «Абу Даби Плаза» жобасындағы қазақстандық үлесті арттыруға арналған жиын өтті.
Нұр-Сұлтан 28 Сәуір, 10:42

Кездесуге цемент, песок, құм, ағаш, арматура, металқұрылымдары, кірпіш, тұрба мен өзге де құрылыс заттарын өндіретін 70-тен астам құрылыс компаниялары шақырылды. Олар «Әбу- Даби Плаза» кешенінің тапсырыс берушілерінің техникалық талаптарымен танысты.

«Біз мердігердің бірқатар талаптарын алдық. Енді сол бойынша аталмыш жобадағы  біздің компанияларының қатысу мүмкіндігін анықтау мақсатында агенттік сараптама жасайды. Бүгінгі кездесу біздің компаниялардың өз біліктіліктерін арттырып, қандай сертификаттардың керектігі, әлемдік  ірі компаниялардың қандай стандарттармен жұмыс істейтіндіктерімен танысуы үшін айтарлықтай мүмкіндік», - дейді ҚР ИЖТМ Жергілікті қамту агенттігінің төрағасы Қайрат Бектүргенов. 

Өз кезегінде ірі инвестициялық жобаның маңыздылығын атап өткен вице-премьер Әсет Исекешев: «Осындай нысандардың құрылысы барысында қазақстандық тауар, жұмыс пен қызметті (ТЖҚ) максималды түрде пайдалану керек», деп ағынан жарылды.

«Төрт жыл бойы ҮИИД МБ аясында қазақстандық қамтуды дамыту шеңберінде мониторинг субектілері 31, 2 трлн. теңге ТЖҚ сатып алды. Оның ішінде 56, 5% отандық ТЖҚ үлесі. Жалпы, 2013 жылды 2010 жылмен салыстыратын болсақ отандық тауар, жұмыс пен қызметтің үлесі 15 %-ға артты», - деп Ә. Исекешев түсіндіріп өтті.





Яндекс.Метрика