Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

Келесі жылдан бастап дәрігер мен пациенттің арасында келісімшарт жасалады-Қайырбекова

Келесі жылдың ортасына қарай республикамызда емдеуші дәрігер мен пациенттің жауапкершілігін арттыру мақсатында келісім жарт жасау нормасын енгізу жоспарланған. Бұл туралы ҚР Президенті жолдауының басымдықтарын түсіндіруге арналған республикалық кеңесте денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова хабарлады.
Казахстан25 Желтоксан , 00:00

«Мемлекет басшысы атап өткендей, азаматтардың жауапкершілігін арттыру механизмін енгізудің маңызы зор. Қазір мемлекет қаржы бөледі, дәрігерлер рецепт жазып береді, сосын науқасқа көрсетілген дәрі-дәрмек беріледі. Ал ол болса режимді сақтамай, ішімдік ішіп, темекі шегеді, берілген дәріні есіне түскенде ғана қабылдайды. Осыдан қандай нәтиже шығуы мүмкін?», деді министр. 

«Алдағы жылы біз науқас пен медициналық мекеме арасында келісім шарт жасауды енгізбекпіз. Онда пациент пен дәрігердің міндеттері мен жауапкершілігі көрсетіледі», деді С.Қайырбеков.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрі Мемлекет басшысының тапсырмасымен медициналық қызмет сапасының бірыңғай стандарты енгізіліп, паллиативті және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жақсартылады. Дәрігерлер жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында аймақтарда студенттерд емханалар негізінде ашылатын интернатурада оқытылады. 

Электрондық үкіметтегі мемлекеттік медициналық қызмет түрлері де артып, жеке сектор мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке қатысуға белсенді түрде тартылады. Кейін мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру мемлекеттен жекеменшікке өтеді. 




Яндекс.Метрика