Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ШҚО-ның студенттер жасағы 55 жылдық мерейтойларын атап өтті (ФОТО)

Өскемен қаласында 55 жылдық мерейтойға орайластырылған студенттік құрылыс жасағының еңбек семестрінің салтанатты ашылуы өтті.
Шығыс Қазақстан 28 Сәуір, 09:38

«Жастар  біздің болашағымыз екені рас. Өйткені олардың қазір қажыры мен қайратының бабында тұрған кезі. Олардың әрбіреуінің бойында патриоттық сезім болуы тиіс», - деді Қ. Бозұмбаев.

Жыл сайын шығыс қазақстандық колледж бен ЖОО студнттері «Жасыл ел» және студенттік құрылыс жасақтарының патриоттық еңбек  қозғалыстарына белсенді араласады, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

Айта кету керек ШҚО-да студенттердің құрылыс жасағы мүшелерін шетелмен алмастыру тәжірибесі бар. 2010 жылдан бастап облысқа РФ Алтай өңірі мен Беларусь Респубикасының өкілдері келе бастады. Мерейтой қарсаңында облыс жасақтарына қонаққа И.Ползунов атындағы Алтай Мемлекттік техникалық университеті өкілдері келсе, Беларусь елінен видеоқұттықтау сәлемдемсі жіберілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара ағымдағы жылы ауысу бойынша жалғасатын болады. 





Яндекс.Метрика