Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

ИНФОГРАФИКА: Үкіметтің жол картасы. Оныншы қадам

2014 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық саясаттың бірінші кезектегі шараларының жол картасы 10 нақты міндеттемені қамтиды.
Астана қаласы 26 Сәуір, 10:30

Оныншы қадам – көлеңкелі экономикамен күрес. 1 маусымда Қазақстанда қаржы капиталы мен мүлікті заңдастыру бойынша заңнама дайындалады.

Сонымен қатар 1 қазанға дейін «Заманауи сауда нысаны» ұғымын анықтаудың нақты талаптарын бекітетін заңнама дайындалады.

2018 жылдан бастап Қазақстанда сауда нысандарының талаптарына сай келмейтін нысандарды пайдалануға тыйым салу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының жол картасы жобасы 2014 жылдың 14 сәуірінде Үкімет тарапынан мақұлданды.

Жол картасы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының басты қағидаларын іске асыру, 2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену тұжырымдамасы мен Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындауға бағытталған. 





Яндекс.Метрика