Ұлтаралық бірлік

1 мамырда «Қазақ елі» монументінің алаңында халықтық серуен өтеді

Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Қазақ елі» монументі алаңында мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Оған отандық эстрада мен Астана қаласының шығармашылық ұжымы қатысады.
Астана қаласы27 Сәуір , 11:40

«Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңдағы мерекелік шаралар 3 сахнада ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Сағат 11.00 - 14.00 негізгі сахнада шығармашылық ұжымдардың 700 астам әртісі өнер көрсетеді.

Концертке қиыр шетел мен Қазақстанның жеке аспапта орындаушылары қатысады. Олар  - Зитхер (Германия), Мадан Оак (Үндістан), Чжу (Қытай) және Қорлан Картенбаева (Қазақстан).

Бағдарламаны отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт жалғастырады.

Шағын сахнада сағат 10.00-17.00 елордалық этномәдени бірлестіктер өздерінің концерттік бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынады. Бағдарламаға 23 этномәдени бірлестіктен 400 астам адам қатысады.

Сонымен қатар, спорттық сайыстар өткізуге арналған алаңдар орнатылады, онда арқан тарту, армрестлинг, гір көтеру, тоғызқұмалақ т.б. жарыстар өтеді, ал 15 сауда орнында азық-түліктердің бөлшек саудасы жүргізіледі.

Елордалық мейрамханаларда мерекеге қатысушыларға арнап дастархан жайылады, түрлі ұлыс өкілдерінің ұлттық тағамдары ұсынылады.

Астана қаласының басты алаңында өтетін мерекелік шараға 100 000 астам адам қатыспақ. 




Яндекс.Метрика