Өңірлер

Астанада 2014 жылы 8 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарлама аясында Астанада 8 тұрғын үй кешені салынбақ.
Астана қаласы27 Сәуір , 10:27

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарлама аясында 2013 жылы 3 тұрғын үй кешені салынды. Қазіргі таңда 4 мыңнан астам шаршы метр аумақта 11 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Соның 8-і биыл елдің игілігіне ұсынылмақ, деп хабарлайды Астана қалалық әкімдігі.

Ал қалған 3 тұрғын үй кешенінің құрылысы 2015 жылы аяқталмақ.

Хабарламада айтылғандай, қазіргі кездегі басты міндеттеме жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапалылығын қадағалау. Астана қаласында сапалы құрылыс материалдарын қолдануға және адамдардың өмір сүруіне барынша жайлы жағдай жасауға қатысты талаптарға өзгерістердің енгізілгені белгілі.  

Жалпы, жыл сайын 1 млн-нан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға брілсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 1,1 млн шаршы метрді құраған. 




Яндекс.Метрика