Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

«Самұрық-Қазына» АҚ активтерін іске асырудың әдістері мақұлданды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Астана қаласы27 Сәуір , 10:00

Жиында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бизнесін трансформациялау мен активтерін іске асырудың, сонымен қатар қорың инвестициялық қызметін іске асырудың әдістері қаралды, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми порталы.

Қаржы директоры – қордың басқарма мүшесі Нұрлан Рахметов «Самұрық-Қазына» профилді және профилді емес активтер тобының қайта құрылымдауы бойынша негізгі шаралар жайлы мәлімет берді.

Оның айтуынша, қор 599 активтің 37 пайызын жоюға, қайта ұйымдастыруға, мемлекеттік органарға беруге немесе жеке секторға сатуға мүдделі.

Аталмыш шаралар кәсіпкерліктің күшеюі арқылы Қазақстанның экономикасына мемлекеттік қатысуды төмендетуге және республиканың қор нарығының дамуына серпін бермек.  

Өз кезегінде қор үлескер компаниялардың операциялық тиімділігін көтеріп, оның дамуы үшін ұзақмерзімді капитал тартуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар қор компаниялары жаңа сату нарығына шығып, өндірістің алдыңғы қатарлы технологияларын иемденіп, олардың капиталына білікті стратегиялық инвесторлар есебінен басқарудың көзін табады.

Директорлар кеңесі жалпы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бизнесін трансформациялау мен активтерін іске асырудың әдістерін мақұлдады. 




Яндекс.Метрика