Үкімет

Үкімет басшысы ЭКСПО-2017 кешенінің сәулеттік дизайнын жасау бойынша конкурсқа қатысушылармен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кешенінің сәулеттік дизайнын жасау бойынша конкурсқа қатысушылармен кездесуі өтті.
Казахстан23 Сәуір , 00:00
С.Ахметов атап өткендей, «мұндай ауқымды мамандандырылған шараны өткізу халықаралық қауымдастықпен бірге біздің елімізде де үлкен қызығушылық туғызады». Бұл көрмені ұйымдастырушыларға үлкен жауапкершілік жүктейді.

«Көрмені өткізуге дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі ЭКСПО-2017 алаңының сәулеттік дизайнын жасау болып табылады», деген С.Ахметов Қазақстан тарапынан конкурстың барлық кезеңдерінің ашық өтуі қамтамасыз етілетінін атап көрсетті.

Кездесу барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма басшысы Талғат Ермегияев Көрмені өткізудің тұжырымдамасымен таныстырды.

Кездесу соңында С.Ахметов қонақтарға конкурсқа қатысқандары үшін алғыс білдіріп, оларға алдағы бірлескен жұмыстар барысында табыстар тіледі.

Конкурсқа Италия, АҚШ, Германия, Англия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Қытай, Түркия, Испания, Ресей, Жапония, Қазақстанның сәулетшілері қатысады. Оның қатарында Манфреди Николетти, Кевин Ким, Майкл Джером Волк, Пей Жу, Али Саад, Сагри Канвер сияқты белгілі және т.б сәулетшілер бар.



Яндекс.Метрика