Өңірлер

Қарағанды облысында 766 мың га жерге жазғы егін егіледі

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен ҚР АШМ Асылжан Мамытбеков барып қайтты.
Қарағанды26 Сәуір , 12:06

Ведомство басшысы мен облыс әкімі Бауыржан Әбдішев  Осакаров ауданындағы Осакаров ауылында жұмыс істеп жатқан «Сарыбел» несиелік серіктестіктің жұмысымен танысып қайтты. Сонымен қатар, Қарағанды облысының агроөндірістік кешенінің даму көрмесіне және аудандық модульды ветеринарлық зертхананың құрылысына да атбасын бұрды.

Содан кейін Агрокеңесінің көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық мәселелеріне арналған отырыс өтті.

Келелі кеңесте баяндамамен облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әшімов сөз сөйледі.

Оның айтуынша, Қарағанды облысында ағымдағы жылы 766 мың га жерге жазғы егін егу жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,6 мың га  артық. Ал, тамшылатын суару технологиясын пайдалану арқылы 462 мың га жерге бидай отырғызылады. Ол 2013 жылмен салыстырғанда  22 мың га көп.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, көктемгі егін егу маусымы үшін қажетті техникалық құралдар сақадай сай. Оның үстіне аймақтық ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге егін егу маусымын ойдағыдай өткізу үшін жергілікті бюджеттен 2,4 млрд. теңге бөлінді.




Яндекс.Метрика