«Жалпы айтқанда Қазақстанның егін егу маусымына дайындығы жақсы деуге болады. Тұқым толығымен жетіп жатыр. Техникада сақадай сай. Тек, ауа-райы қолайлы болса деген тілегіміз бар. Табиғат кірпияз мінез танытпаса солтүстік аймақтағы диханшылар егін егу маусымын уақытылы бастап, дер кезінде аяқтайтын болады. Қазіргі таңда бұл өңірдің шаруалары алдағы қызу еңбекке дайындық үстінде» - деді сөз басында ведомство басшысы.
Сонымен қатар ҚР АШМ басшысы, егін егу маусымы аяқталған өңірлерді де тілге тиек етті.
«Қазақстанның оңтүстік бөлігінде көктемгі егін егу жұмыстары басталғалы қашан. Тіпті, Оңтүстік Қазақстан облысының диханшылары егін егу маусымын тәмәмдап үлгерді. Айта кетерлік жайт, еліміздің барлық бөлігінде егін егу алқаптарының көлемін арттыру жұмыстары биыл да өз жалғасын табатын болады», - деді сөз соңында Асылжан Мамытбеков.