Өңірлер

Құс фабрикасының құрылысы барысында кешенді тәсіл қолданылды – А.Лоуренс

Бүгін ҚР Ауыршаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Ақмола облысындағы «Ақмола-Феникс»АҚ-ның инвестициялық жобасы шеңберінде бройлер етін өндіретін құс фабрикасының құрылысымен танысып қайтты. Жобаның жүзеге асу барысы жайлы ведомство басшысына әңгімелеп берген германиялық инвестар Александр Лоуренс: «Құс фабрикасының құрылысы барысында кешенді тәсіл қолданылды», деп ағынан жарылды.
Ақмола26 Сәуір , 11:03

«Бұл кұс фабрикасының құрылысы барысында кешенді тәсіл пайдаланылды. Қазіргі таңда кәсіпорында 400 адам нәпақасын тауып отыр. Фабрика толығымен іске қосылғанда олардың саны 900-ге дейін жетеді. Сонымен қатар, өндіріс ошағы жылына 20 млн. тонна тауық етін өндіретін болады. Ал, болашақта бұл көрсеткіш екі есе арттырылмақ», деді инвестор Александр Лоуренс.

Жалпы, ілкімді істі іске асыру үшін 12 млн. долл. көлемінде инвестиция тартылған. Оның жеке бройлерлі балапандар үшін құсқоралары, сою цехтары,  құрама мен жем зауыты, астық сақтау қоймасы мен жаңа инкубаторы болады.  Оның үстіне компанияның жеке егін алқабы да бар. Демек, ол құс азығын өзі егіп, өзі өсіреді.

«Біздің құс фабрикасының егін алқабында тек заманауи технологиялар жұмыс істейді. Биылғы жылы олардың қатарын жаңа техникамен толықтырдық. Осы  ретте айта кетерлік жайт, Кедендік одақ аясында біз қосымша баж салығысыз техниканы сатып алу мүмкіндігіне ие болдық. Бір техниканың өзі 7-8 млн. теңгеге айналса, салықпен қоса  оның бағасы 12 млн. теңгеге дейін жетер еді», - деді «Ақмола-Феникс»АҚ-ның атқарушы директоры Денис Плужик

Айта кетерлік жайт, кәсіпорын 2014 жылдың жаз айларында толығымен іске қосылады. Сала мамандарының айтуынша,  отандық өнім шетелдік тауардан біраз арзан болады.  Америкалық технологиямен өндірілетін өнім «курочка ряба» брендімен саудаға шығарылмақ. Қазіргі таңда аталмыш маркалы өнім Қазақстандағы нарықтың 12% қамтамасыз етіп отырса, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 20%-ға дейін  жеткізілмек.




Яндекс.Метрика