Білім беру

Жамбыл облысында жаңа балабақша пайдалануға берілді

Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы Түрксіб ауылында жаңа мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілді.
Жамбыл26 Сәуір , 11:22

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша, осы уақытта дейін бұл ауылда бала-бақша болмаған. Балалар мектеп жанындағы 75 орынға арналған шағын-орталықта тәрбиленіпті.

Жаңа мектепке дейінгі «Нұршуақ» мекемесі 280 орынға есептелген.

Жаңа кең, заманауи бала-бақшаның құрылысына 512 млн. теңге жұмсалды. Ал, оған Түрксіб және Бесжылдық ауылдарының бүлдіршіндері келетін болады.

Айта кетерлік жайт, соңғы 3 айда Жамбыл ауданында жаңа 3 бала-бақша ашылып, кезекте тұрған  450 бүлдіршін бос орынмен қамтылды. Ағымдағы жылы қосымша 12 мектепке дейінгі мекеме және 8 шағын-орталық ашу жоспарланған. 




Яндекс.Метрика