Өңірлер

Жаңадан салынып жатқан құс фабрикасы Астананың қажеттілігін толығымен өтейді – АШМ

Бүгін ҚР Ауыршаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Ақмола облысы Малиновка ауылындағы «Ақмола-Феникс»АҚ-ның инвестициялық жобасы шеңберінде салынып жатқан бройлер етін өндіретін құс фабрикасының құрылысымен танысып қайтты.
Ақмола26 Сәуір , 10:12

«Жаңадан салынып жатқан құс фабрикасы толығымен іске қосылғаннан кейін жылына 20 мың тонна құс етін өндіреді. Демек ол Астананың қажеттілігін бір өзі өтейді. Айта кетерлік жайт, оның жеке бройлерлі балапандар үшін құсқоралары, сою цехтары,  құрама мен жем зауыты, астық сақтау қоймасы мен жаңа инкубаторы болады.  Тіпті, компанияның жеке егін алқабы да бар. Бұл дегеніңіз фабрика өзіне қажеттінің барлығын өзі өндіріп, сақтай алады. Оның үстіне өндірісте қажетті техниканы сатып алу үшін мемлекет арзан теңгелей несие берді», - деді АШМ басшысы Асылжан Мамытбеков. 

Сонымен қатар, министр еліміздегі құс еті өндірісінің қазіргі жағдайыменде бөлісті.

«Жалпы, соңғы кездері елімізде мал етінен гөрі құс етіне деген сұраныс артуда. Егер, 2009 жылы Қазақстанда тек 60 мың тонна құс еті өндірілсе, бүгінде ол 300 мың тоннаға жетті. Әйтседе, отандық өндірушілер нарық қажеттілігінің тек 50% қанағаттандырады. Сондықтанда үкімет осы салаға ерекше көңіл бөлуде. Қазіргі таңда пайыздық үстемақыны субсидиялау жүргізілуде және инвестициялық субсидиялаудың жаңа мехенизмдері ойластырылып, енгізілуде» - деп Асылжан Мамытбеков ағынан жарылды. 

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда кәсіптік  құс шаруашылығы мал шаруалығының ең дамыған саласы болып отыр. Елімізде барлығы 59 құс фабрикасы жұмыс істесе, оның 21 бройлер етін өндіретіндер, 33 жұмыртқа бағытындағылар, ал, қалған 5 қосөнімді кәсіпорын. Сонымен қатар, импорт алмастыру мақсатында отанық құс фабрикалары салқындатылған құс етін өндіруге жайлап көшуде. Бүгінде Қазақстанда салқындатылған құс етінің көлемі 10%-ға жетті.




Яндекс.Метрика