Кедендік одақ

Қазақстан мен Армения Еуразиялық интеграция мәселесіндегі өзара іс-қимылды талқылады

Ереван қаласында Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігінің бастамасы бойынша және Жаһандану, сондай-ақ Өңірлік ынтымақтастық талдау орталығының жәрдемімен «Қазақстан мен Арменияның Еуразиялық интеграция мәселесіндегі өзара іс-қимылы» атты конференция болып өтті.
Әлемде26 Сәуір , 12:40

ҚР СІМ мәліметі бойынша, аталған іс-шараға астанадағы академиялық, сарапшылық және іскерлік топтардың өкілдері, сондай-ақ Армениядағы елшіліктердің дипломаттары қатысты.


Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Айымдос Бозжігітов өзінің кіріспе сөзінде Қазақстанның жетістіктері туралы және Кеден Одағы шеңберінде интеграциялық процестерді дамытудың келешегі туралы қатысушыларға ақпарат берді.

 

Оның сөздері бойынша, Президент Н.Назарбаев айтқандай: «Қазақстан абстрактылық геосаяси идеялар мен ұрандарды емес, экономикалық мүдделерді – интеграциялық процестердің басты қозғаушы күші санау» принципін басшылыққа алады. Сондықтан интеграцияны, ең алдымен, экономикалық прагматизм негізінде құру қажет. Қазақстан мен Арменияның КО шеңберіндегі ынтымақтастығының кең ауқымды келешегі бар, атап айтқанда, ақпараттық технология мен машинажасау салаларында.


Өз кезегінде Жаһандану және Өңірлік ынтымақтастық талдау орталығының басшысы Степан Григорян Еуразиялық экономикалық одақты құру кезінде Қазақстан үшін саяси егемендіктің бұлжымайтындығын атап көрсетті, мұның өзі КО мен БЭК-ке кіру кезінде Армения үшін де өзекті және маңызды болып табылады.


«Интеграция және даму» талдамалық қоғамдық ұйымының төрағасы Арам Сафарян өз сөзінде Армениядағы еуразиялық интеграция мәселелерінде өз ұйымының қызметі туралы хабарлады. Ол басқаратын ұйымның Ереван Мемлекеттік университетімен (ЕМУ) бірге армян-қазақ экономикалық аспектілерін зерттеуі төмендегіні көрсеткен. Еуроодақпен және Кеден Одағы елдерімен жақсы қарым-қатынасы бар Армения ЕО мен КО мүдделерін біріктіретін орын болуға қабілетті, бірден бір географиялық және саяси алаң болып табылады.




Яндекс.Метрика