Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

2050 Стратегиясы бойынша терминологиялық сөздік: Мемлекет болашағының үлгісі

Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы терминдер мен ұғымдарды жариялауды бастайды.
Астана қаласы25 Сәуір , 18:27

Мемлекет болашағының үлгісі - қандай да бір уақыт қашықтығында белгілі бір мемлекеттің бірқатар өзара байланыстары жағдайының негізгі көрсеткіштері туралы сараптамалық және математикалық тұрғыдан дәлелденетін тұжырымдама (бейнелеу).

Болжамдаумен салыстырғанда үлгіні қалыптастыру кезінде белгілі бір тұтастық пен аяқталғандық болуы қажет. Болашақтың үлгісі объектінің, оның ішкі құрылымы мен құрамы, оның өзі іспетті объектілерімен өзара байланысы қандай болатынын және оның сақталыну мүмкіндігін ұйғарады.

Болашақ үлгісін қалыптастыру үшін екі магистральды әдіс қолданылады.

Біріншісі – форсайт. Басқаларға қарағанда нақты және әдістемелік тұрғыдан дұрыс әдіс болып саналады. Объектінің (яғни болашақ моделінің) қандай болатынын болжай алатын жүйе болып табылады. Аталмыш жүйе профильдік бағыттағы сарапшылардың кең қатарын барынша қатыстыруды және де қажет болған жағдайда халықтың көзқарасын сауалнама арқылы білу әдістерінің алуан түрін қолдануды ұйғарады. Болжамдауға қарағанда форсайт болашақ үлгісінің нұсқаларын анықтаудан бөлек, осы нұсқалардың іске асырылу әдістерін анықтауды да қарастырады.

Форсайттық зерттеулер ғылым мен технологиялар саласында кең қолданысқа иеленді. Мысалға, Қазақстанда 2010 ж. үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруда маңызды болып табылатын сыни технологияларды анықтау үшін алғаш рет форсайт сынақтан өткен болатын.

Форсайттың мықты тұсы болжау зерттеуінің жүйелілігі мен көпсатылылығына негізделеді. Бұл зерттеудің әрбір кезеңі өткен кезеңнің жұмысын сүзгіден өткізіп отырады.

Мәселен, мемлекеттің ғылыми-технологиялық дамуының қалыптасып болған болжамдарына, мақсаттары мен міндеттеріне сай сарапшы топтармен жүргізілген SWOT- талдау нәтижелері бойынша Қазақстанның 2020 жылға дейін қол жеткізгісі келетін даму деңгейі үшін өнімдер мен қызмет көрсетулердің тізімі анықталды. Негізгі өнімдер мен қызмет көрсетулердің тізімі Дельфи сауалнамаға (кері байланысты қамтамасыз ету арқылы бірқатар сарапшыларға онлайн сұрақ қою, яғни сауалнамаға қатысқан респонденттерге қорытынды нәтижелерді жіберу және сауалнаманың қорытынды нәтижелерін ескере отырып, жауаптарды түзету мүмкіндігін ұсыну мақсатымен сауалнаманың екінші кезеңін өткізу) шығарылды.

Форсайт бойынша алдағы 10-20 жылға сыни технологиялар анықталады. Деген-мен, әрбір бес жыл сайын технология тізімін жаңарту үшін жаңа форсайт өткізу талап етіледі.

Екінші әдіс – футурология.

Футурология да болжамдау әдістеріне жатқызылады. Дегенмен, мұнда зерттеулердің нәтижесі болып табылатын объективті фактор мен жеке шабытқа негізделген футурологтың өзіндік бір болжамын білдіретін субъективті фактор үйлесіп келеді.

Футурология әдісін Жюль Верн жұмысының мысалынан көруге болады. Ол адамзаттың көзін су асты қайықтың, батискафтың пайда болуына жеткізген болатын. Заманауи футурологтардың ішінен ең танымал болып адамзаттың Марс ғаламшарын игеретінін болжаған Рэй Брэдбери танылады.

Бүгінгі күні Элвин Тоффлердің жұмыстары кең қызығушылыққа ие. Оның болжамдары бойынша үшінші өндірістік төңкерістің таралуы ХХ ғ. соңғы үшінші ширегінде пайда болып, 2025 жылға қарай нақты қалыптасып бола-ды. Қоғамдық-экономикалық форматтың индустриалдыдан постиндустриалды түрге ауысу мерзімдерінің қысқаруы ғылыми-техникалық төңкерістің қарқынды дамуы және кең таралуымен байланысты болып келеді.

Э. Тоффлер тақырыбына экономист футуролог Джереми Риффкиннің жұмыстары жақын болып келеді. Оның ойынша, әлем энергетикалық тұтынудың шыңына жетіп қойды және жаһандану көмірсутегі экономикасының ақырғы кезеңі болып табылады. 2020 жылға дейін қажетті жағдай қалыптасып, автомобильдердің сутегі отынына жаппай көшуі бойынша технологиялық мәселелер шешіледі.

Келешекте компьютерлік және телекоммуникациялық революциялар жаңа сутегі-энергетикалық көтеріліспен үйлесіп, соның нәтижесінде адамдар қатынастарының құрылымы мен инновацияларға қойылатын талаптар түбегейлі өзгереді. Сутегі энергетикалық желісінің пайда болуы да мүмкін. Соның шеңберінде тең субъектілер тек ақпаратпен ғана емес, сонымен қатар энергиямен де алмаса алады.

Әдетте ғылыми фантастардың ойлары мен идеялары кейіннен қолданбалы механизмдер арқылы іске асырылатын инновациялар болып табылады деп айтуға болады.

Мысалы, қазіргі күннің өзінде сутегі отынының элементтері орнатылған автомобильдерді Форд, Тойота, Фольксваген, Хонда және Хьюндай сияқты ірі автоөндірушілер сынақтан өткізіп, шығарып жатыр.

Грид Крауд жүйесі қашықта орналасқан зоналар үшін тек ақпараттық ағымдарды ғана емес, сонымен қатар қуат көздерін де бағыттауға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде мұнай мен газға негізделген энергетикалық компаниялардың құлдырауын білдіретін болады.

Жаңа энергетикалық тәртіп сапалы жаңа технологияларды талап ететін болады. Сол себептен бүгінгі күні шетел мемлекеттері арзан күн және жел энергиялары, желісіз байланыс, генетикалық тұрғыдан модификацияланған өсімдіктер, тірі ағзалардың жасанды терілері саласындағы зерттеулермен айналысып жатыр.

Сонымен, ҚР Президентініің жаңа Жолдауы мемлекет үшін ең қолайлы болашақ үлгісін қалыптастыруға бағыттайды. Жоғарғы технологиялар, инновациялар, экономиканың технологиялық тұрғыдан толықтай жаңаруы соның негізіне айналуы тиіс. Мұндағы ең басты бағдар - әлемде жүріп жатқан үдерістерге сай болу. Егер де айтқанымыз орындалатын болса, онда мемлекетімізді жарқын болашақ күтіп тұр. «Қазақстан-2050» Жолдауының ЭКСПО-2017 іс-шарасын өткізу, ҮИИДМБ жаңа бесжылдығын қабылдау, инновациялық даму туралы бағдарлары жағымды сценарийді іске асыруға мақсаттылы болып отыр.

Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық портал базасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша интерактивті терминологиялық анықтамалықты таныстырылған болатын. Терминологиялық сөздіктің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.




Яндекс.Метрика